Механика и Технологии *** Наш адрес: Казахстан, Тараз, ул. Толе би, 60, корпус 2.1 *** телефон: +7 (7262) 45-35-10, fax +7 (7262) 43-24-02 ***

Мақала жариялау әдебі

«Бекітемін»
«Механика және технологиялар»
ғылыми журналының бас редакторы,
т.ғ.д., профессор
________________ Бекбасаров И.И.
«___» ____________ 2013 жыл
- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт http://mit.zhambyl.kz/- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта Механика и Технологии «http://mit.zhambyl.kz/».

«Механика және технологиялар» ғылыми журналына ұсынылатын
мақалаларды жариялау әдебіне қойылатын талаптар

"Механика және технологиялар" ғылыми журналына жариялау үшін мақала ұсынатын авторлар, қосалқы авторлар, редакция алқасының мүшелері мен рецензенттер төмендегідей ғылыми әдепсіздік фактілеріне жол бермеулері тиіс:
1. Автордың қатысуынсыз орындалған және алынған зерттеулер (теориялық, эксперименталдық және т.б.) нәтижелерін жариялауға ұсыну.
2. Зерттеу нәтижелерін әдейі бұрмалау немесе ғылыми деректер растығына әсер ететін маңызды ақпараттарды жасыру.
3. Бөгде авторлардың ғылыми нәтижелерін немесе ғылыми идеяларын иемдену немесе оларға сілтеме жасамай пайдалану.
4. Авторлар құрамына зерттеу жұмыстарын жүргізуге және мақала дайындауға өз үлестерін қоспаған тұлғаларды енгізу.
5. Ғылыми мақаланың мазмұнын сапалы тұрғыдан айтарлықтай өзгертулер енгізусіз немесе ғылыми нәтижелерді пайдаланусыз басқа атпен қайта жариялау.
6. Журналдың , сонымен қатар редакция алқасы мүшелерінің абыройы мен мәртебесіне нұқсан келтіретін материалдарды ұсыну.

Жоғарыда аталған фактілер (немесе олардың бірі) анықталған жағдайда олар ғылыми мақалаға берілетін ресми рецензияда көрсетілуі керек.
Авторлар көрсетілген әдеп талаптарын бұзған жағдайда олардың ұсынған ғылыми мақалалары жариялануға қабылданбайды, бұл жағдай туралы авторлар журналдың бас редакторының атынан тиісті тәртіппен жазбаша түрде ескертіледі.

Наверх

При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Механика и Технологии
Разработано: Агентство "5-й Элемент"