Механика и Технологии *** Наш адрес: Казахстан, Тараз, ул. Толе би, 60, корпус 2.1 *** телефон: +7 (7262) 45-35-10, fax +7 (7262) 43-24-02 ***

Авторларға

«Механика және технологиялар» ғылыми журналында жарияланатын
мақалаларды рәсімдеу талаптары

«Механика және технологиялар» ғылыми журналында жариялануға келесі бағыттарға сәйкес келетін мақалалар қабылданады:
- қатты дене, сусымалы заттар, топырақ, сұйық және газ тәрізді заттар механикасы;
- тамақ өнімдері саласындағы технологиялар;
- текстиль өндірісінің технологиялары;
- жеңіл өнеркәсіп технологиялары;
- көлік технологиялары;
- құрылыс материалдары және құрылыс өндірісінің технологиялары;
- геотехникалық технологиялар;
- машина жасау технологиялары;
- химиялық технологиялар;
- экологиялық технологиялар;
- мелиорациялау және суғару технологиялары;
- ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету технологиялары.

использовании материалов с сайта Механика и Технологии в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт Механика и Технологии обязательна.           Журналға жариялану үшін ГОСТ 7.5-98 «Журналы, сборники, информационные издания. Издательское оформление публикуемых материалов» талаптарына сәйкес дайындалған мақалалар қабылданады. Мақалалардың библиографикалық тізімі ГОСТ 7.1-2003 «Библиографическая запись. Библиографическое описание. Общие требования и правила составления» (қарау) талаптарына сай рәсімделуі тиіс.
При использовании материалов Механика и Технологии:в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт http://mit.zhambyl.kz/- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта Механика и Технологии «http://mit.zhambyl.kz/».
Журналға жариялану үшін жіберілетін мақалалардың келесі элементтері болуы тиіс:
- ӘОЖ индексі;
- мақала авторының (авторларының) аты-жөндері (тегі, аты, әкесінің аты);
- ғылыми дәрежесі, атағы;
- жұмыс орны (ЖОО, ұйымның аталуы, қала, мемлекет аттары);
- әр автордың байланыс ақпараты (e-mail);
- мақала тақырыбы;
- аннотация;
- түйін сөздер;
- мақаланың негізгі мәтіні;
- әдебиеттер тізімі;
- түйіндемелік ақпарат (екі тілде: ағылшын және қазақ/орыс).

Мақаланың негізгі мәтіні және оның басқа да элементтері Microsoft Word мәтін редакторында А4 форматты стандартты парақта терілуі тиіс. Бет өлшемдері: үстіңгісі 3,0 см, астыңғысы 3,5 см, сол жағы 5,5 см, оң жағы 2,5 см. Қаріп түрі Times New Roman, кегль (аннотациядан бөлек) 11, қаріп түсі қара, жол аралық интервал 1 см, абзацтың алғашқы жолының шегіну жиегі 1 см. Аннотация 10 кегльді қаріппен теріледі.

Аннотация ГОСТ 7.9-95 «Реферат и аннотация. Общие требования» (қарау) талаптарына сәйкес дайындалуы қажет. Аннотация жарияланатын материал мәтінінің тілінде келтіріледі. Аннотацияның орташа көлемі 5-7 сөйлем.
Түйіндеме жарияланым тілінен өзге екі тілде рәсімделеді (ағылшын және қазақ тілдерінде, егер мақала орыс тілінде болса; немесе ағылшын және қазақ тілдерінде, егер мақала қазақ тілінде болған жағдайда) және мақаланың соңында орналасады.
Суреттер мен кестелер  оларға тікелей жасалған сілтемелерден кейін келтірілуі қажет, ал егер бұл мүмкін болмаған жағдайда сілтемеден кейінгі келесі беттің басында көрсетілуі керек. Суреттер мен кестелерге сілтемелер домалақ жақшаларға алынып жазылады, мысалы (1 сурет / 1 кесте). Егер суреттер мен кестелерге жасалатын сілтемелер сөйлемнің бір бөлігі болған жағдайда олар жақшаға алынбай келтіріледі (мысалы, "Зерттеу нәтижелері 2 кестеде келтірілген"). Суреттер мен кестелер еркін түрде нөмірленеді. Сапасы төмен, қарындашпен немесе қаламсаппен салынған суреттерді мақалаға енгізуге рұқсат етілмейді. Сұлбалар мен диаграммалар тиісті компьютерлік бағдарламалар мен қосымшалар көмегімен дайындалуы немесе құрылуы тиіс, әйтпесе сканерленген көшірмесінің сапасы жоғары болуы шарт.
Формулалар Microsoft Equation формулалар редакторында терілуі керек. Формула алдында және одан кейін бір бос жол қалдырып отыру қажет. Формулалар абзацтық шегінумен келтіріледі, ал оның нөмірленуі тиісті жолдың соңында домалақ жақшаларға алынып белгіленеді. Егер формула бір жолға сыймаған жағдайда оны тасымалдау ережелерін сақтай отырып келесі жолда жалғастыруға рұқсат етіледі.
Мақала мәтінінде кездесетін әдебиеттерге жасалатын сілтемелер тік жақшаға алынып көрсетілуі тиіс. Әдебиеттер тізімін мақала мәтінінде келтірілген тәртіппен және ГОСТ 7.1-2003 «Библиографическая запись. Библиографическое описание. Общие требования и правила составления» талаптарына сай рәсімдеу керек.

Автордың нұсқаулығын жүктеп алу

- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт http://mit.zhambyl
- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта Механика и Технологии «http://mit.zhambyl.kz/

Наверх

При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Механика и Технологии
Разработано: Агентство "5-й Элемент"