Механика и Технологии *** Наш адрес: Казахстан, Тараз, ул. Толе би, 60, корпус 2.1 *** телефон: +7 (7262) 45-35-10, fax +7 (7262) 43-24-02 ***

Мұхтарбек Әбдіғалиев

Мұхтарбек Әбдіғалиев – 75 жаста!

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Машиналар мен жабдықтар» кафедрасының аға оқытушысы, ұлағатты ұстаз, еңбек ардагері Мұхтарбек Әбдіғалиевті 75 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Әбдіғалиев Мұхтарбек 1940 жылы 6 қаңтарда Ақтөбе облысында дүниеге келген.
1967 жылы Мәскеу гидромелио-ративтік институтын «Гидромелиоративтік жұмыстарды механикаландыру» мамандығы бойынша үздік бітірді. Еңбек жолын 1967 жылы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер ретінде бастаған. 1968 жылдан Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында, 1998 жылдан осы күнге дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде аға оқытушы қызметін атқаруда.
Мұхтарбек Әбдіғалиұлын өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы ғалым-ұстаз ретінде жақсы білеміз. Оның терең білімі, берік ұстанымы, қарапайымдылығы, іскерлік қабілеті және үлкен азаматтық қасиеттері көпке өнеге.
М. Әбдіғалиев мелиоративтік және құрылыс машиналарын зерттеуде көп еңбек сіңірді. 80-нен астам ғылыми-техникалық жарияланымдардың, оның ішінде КСРО-ның 13, Қазақстанның 7 өнертабысының және ҚР БжҒМ ұсынысымен дайындалған бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Оның жетекшілігімен факультеттің материалдық-техникалық базасы жасалынып, негізі қаланды; ТМД елдері жоғары техникалық оқу орындарында жоқ ерекше конструкциялы айналмалы топырақ қазу қондырғысы жобаланып, жасалынды және осы уақытқа дейін ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқу үрдістерінде кеңінен қолданылуда.
Ол ғылым және техника саласындағы ерен еңбегі үшін «КСРО өнертапқышы», ҚР БжҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
Құрметті Мұхтарбек Әбдіғалиұлы! Сіз университет қабырғасында ұзақ жылдар бойы тынбай еңбек ете отырып ғалымдар мен инженер-механиктердің бірнеше ұрпағын тәрбиеледіңіз. Ұзақ жылғы еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.
Сізге осындай мерейлі күні шын көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Қоғамымыздың игілігі – жас мамандарды тәрбиелеу жолындағы күрделі де жауапты қызметте бұдан былай да абырой биігінен көріне беріңіз.

«Машиналар және жабдықтар» кафедрасының және
«Механика және технологиялар» ғылыми журналының ұжымдары

Наверх

При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Механика и Технологии
Разработано: Агентство "5-й Элемент"