Механика и Технологии *** Наш адрес: Казахстан, Тараз, ул. Толе би, 60, корпус 2.1 *** телефон: +7 (7262) 45-35-10, fax +7 (7262) 43-24-02 ***

Редакция саясаты

«Бекітемін»
«Механика және технологиялар»
ғылыми журналының бас редакторы,
т.ғ.д., профессор
________________ Бекбасаров И.И.
«___» ____________ 2013 жыл

«Механика және технологиялар» ғылыми журналының
редакциялық саясаты

Редакция алқасының саясаты: «Механика және технологиялар» ғылыми журналы заманауи механика және технологиялар мәселелері бойынша өзекті теориялық және эксперименталдық жұмыстар жариялайтын, отандық және шетелдік ғылыми қауымдастық арасында кең танылатын белгілі ғылыми-техникалық журнал болуға ұмтылады.
Редакция саясаты келесі мақсаттарға жету негізінде жүзеге асырылады:
- отандық және шетелдік ғалымдардың, мамандардың, магистранттар мен докторанттардың өзекті ғылыми зерттеулерінің жаңа теориялық және эксперименталдық нәтижелерін мемлекеттік және шет тілдерінде жариялау;
- журнал жұмысына Ресей, Германия, Украина, Беларусь, Өзбекстан елдерінің, сондай-ақ басқа да алыс және жақын шет елдердің ірі ғалымдарын тарту;
- журналдың халықаралық ақпарат көздерінде және қазақстандық дәйексөз базасында таралуын қамтамасыз ету;
- журналды ГОСТ 7.5-98 «Журналы, сборники, информационные издания. Издательское оформление публикуемых материалов» және  ГОСТ 7.1-2003 «Библиографическая запись. Библиографическое описание. Общие требования и правила составления» базалық баспа ісі стандарттарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
- журналдың электрондық сайтын дайындау және оның контентін үнемі жаңартып отыру арқылы журналдың ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- ірі ғалымдарды тарту арқылы ғылыми мақалаларды сапалы рецензиялау;
- журнал авторларының-мерейтой иелерінің ғылыми жетістіктерін тұрақты түрде жариялап отыру.
Жоғарыда көрсетілген саясатты жүзеге асыру - журналдың беделін арттыруға және заманауи ғылыми басылымдар арасында журналдың өз ортасын құруға жағдай жасайтын болады.

Наверх

При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Механика и Технологии
Разработано: Агентство "5-й Элемент"