Механика и Технологии *** Наш адрес: Казахстан, Тараз, ул. Толе би, 60, корпус 2.1 *** телефон: +7 (7262) 45-35-10, fax +7 (7262) 43-24-02 ***

Мақаланы рецензиялау тәртібі

«Бекітемін»
«Механика және технологиялар»
ғылыми журналының бас редакторы,
т.ғ.д., профессор
________________ Бекбасаров И.И.
«___» ____________ 2013 жыл
При использовании материалов Механика и Технологии:
- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт http://mit.zhambyl.kz/- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта Механика и Технологии «http://mit.zhambyl.kz/».
«Механика және технологиялар» ғылыми журналында жарияланатын
мақалаларды рецензиялау тәртібі

"Механика және технологиялар" ғылыми журналында жариялау үшін ұсынылатын мақалаларға екі кезеңдік рецензия жасалады.
Алғашқы кезеңде автордың ұсынған ғылыми мақаласына рецензия алу үшін редакция алқасы мақаланы екі тәуелсіз ғалымға жібереді. Рецензия алу үшін жұмыс докторлық немесе кандидаттық ғылыми дәрежесі бар, ғылыми бағыты мақала тақырыбы мен мазмұнына сәйкес келетін мамандарға беріледі. Рецензия еркін түрде дайындалып, 1-2 беттен тұрады. Рецензияда пікір білдірген тұлғаның аты-жөні, лауазымы және ғылыми дәрежесі көрсетілуі тиіс. Рецензенттің қолтаңбасы мекеме мөрімен расталады. Рецензияда зерттеу нәтижелерінің өзектілігі, құндылығы және жариялану мүмкіндігі көрсетіледі. Рецензенттер ретінде журналдың редакция алқасының мүшелігіне кірмейтін мамандар тартылады.
Екінші кезеңде жұмыс редакцияға түскеннен кейін қолжазба редакция алқасының бір мүшесімен қаралады, онда мақаланың журнал талаптарына сәйкестігі тексеріліп, жариялауға келісімі (немесе келіспеушілігі) алынады. Редакция алқасы мүшесінің теріс пікірі болған жағдайда мақала қайта толықтырылуға қайтарылады немесе қабылданудан мүлдем бас тартылады. Редакция алқасының шетелдік мүшесіне ғылыми мақаланың электрондық нұсқасы жөнелтіледі. Редакция алқасы мүшесінің мақаланы қарастыру мерзімі 7 күннен аспауы тиіс.
Тексеру кезеңдерінен өткен және оң пікір берілген ғылыми мақала жариялану үшін журналға қабылданады.

Наверх

При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Механика и Технологии
Разработано: Агентство "5-й Элемент"